«Закладчики. Расплата» фильмін көру
«Негізгі орта мектеп-интернат» КММ ұйымындағы «Закладчики. Расплата» фильмін көру
2025 жылдың 11 желтоқсанында мектебіміздің интернатында 5–9 сынып оқушылары арасында профилактикалық бағыттағы «Закладчики. Расплата» кинофильмі көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың есірткі заттарының заңсыз айналымы, әсіресе «закладка» әдісі арқылы таралуы сияқты қауіптер мен салдарлар туралы хабардарлығын арттыру, сондай-ақ алдын алу жұмыстарын күшейту.
Фильмді көру тек қана кино көрсету емес, сонымен қатар жеке жауапкершілік, қылмыстық жауапкершілік және бұл қауіпті әрекетке тартылған жағдайда жастардың денсаулығы мен өміріне келетін орны толмас зиян туралы маңызды әңгіме жүргізуге бағытталды.
Барлық оқушыларды сақ болуға, жауапкершілікпен әрекет етуге және заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайтынын әрқашан есте сақтауға шақырамыз.