29
қазан
2025
«Оқытуда жасанды интеллекттің (ЖИ) тиімді қолданыс жолдары» тақырыбында семинар-практикум
2025 жылдың 29 қазанында Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Негізгі орта мектеп-интернаты» КММ-де әдістемелік кеңес аясында педагогтарға арналған «Оқытуда жасанды интеллекттің (ЖИ) тиімді қолданыс жолдары» тақырыбында семинар-практикум өткізілді. Осы сұрақ бойынша семинар –пркатикумның өткізілуі «Қазақ тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі» әдістемелік бірлестігіне жүктелді.
🎯 Семинардың мақсаты: Педагогтарды білім беру процесінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктерімен таныстырып, оқытуды тиімді ұйымдастыру үшін ЖИ құралдарын қолдану жолдарын үйрету.
📌 Міндеттері:
- Қазіргі білім беру саласындағы жасанды интеллекттің рөлін және маңызын анықтау
- Мұғалімдерге ЖИ-дың практикалық құралдарын таныстыру
- ЖИ көмегімен оқу материалдарын әзірлеу дағдыларын қалыптастыру
- Педагогтардың цифрлық сауаттылығын арттыру
Семинар барысында қатысушылар жасанды интеллекттің заманауи білім беру жүйесіндегі әлеуетін талқылап, нақты құралдармен жұмыс істеу тәжірибесін меңгерді. Іс-шара педагогтардың кәсіби дамуына серпін беріп, цифрлық технологияларды тиімді қолдануға бағытталған маңызды қадам болды.


Әдістемелік кеңесте әдістемелік бірлестік бойынша топтарға бөлініп отырғызылды. Кеңестің басы психологиялық ахуал тудырудан басталды. Басында ЖИ бойынша жалпы ақпарат беріліп, келесі бөлімдер практикалық жұмыстармен жалғасын тапты. Кеңестің соңы қорытындылау, мұғалімдерге, тәрбиешілерге пайдалы платформалар жазылған парақшалар таратылумен кері байланыспен аякталды. Әдістемелік кеңес мақсатына жетті.