«Мектеп - мейірім аймағы» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты
Мектеп-интернатта 1-9 сыныптарда «Мектеп - мейірім аймағы» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өткізілді. Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білімге ұмтылу, еңбекқорлық және адам өміріндегі патриотизм сияқты құндылықтардың рөлін бірлесіп талқылау. Сынып сағатында оқушылар жазғы демалыс туралы әсерлерімен бөлісті, мектеп туралы өлеңдер айтып, әндер орындады. Сынып сағаты балаларда адамгершілік қарым-қатынасты, айналасындағыларға, бір-біріне деген ашықтық пен мейірімділікті тәрбиелеуге ықпал етті.