2025 жылғы Қамқоршылық кеңесінің құрамын сайлау туралы конкурс

2025 жылғы Қамқоршылық кеңесінің құрамын сайлау туралы конкурс
Құрметті ата-аналар! Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 2007 жылғы 27 шілдедегі 44-бабының 9-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 27 шілдедегі № 2015 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім министрінің 2023 жылғы 1 наурыздағы №56 бұйрығы «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидаларын және оны сайлау тәртібін бекіту туралы» 2-тараудың 8-тармағы «Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім басқармасының «Негізгі орта мектеп-интернаты» КММ 2025 жылға арналған Қамқоршылық кеңесін үш жылдық мерзімге сайлауға конкурс жариялайды. Орта білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларының 2-тарауының 10-тармағына сәйкес Қамқоршылық кеңестің құрамына:
1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе басқа заңды өкілдері сайлана алады (әр сынып деңгейінен осы білім беру ұйымындағы оқушылардың бір ата-анасы немесе басқа заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;
2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
- қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.
2-тараудың 9-тармағына сәйкес, үміткерлер 2025 жылдың 6 қазанына дейін мектептің тәрбие бөліміне келесі құжаттарды тапсыруы керек:
1) өтініш (кез келген нысанда);
2) кандидаттың жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) қазақ және орыс тілдерінде түйіндеме;
4) білімін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
5) Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері беретін соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
Өтініш берушілер өздерінің кәсіби немесе қоғамдық қызметі туралы қосымша ақпаратты ұсынуы керек. Біз мектеп ата-аналарын көрсетілген тізім бойынша құжаттарды тапсыру арқылы байқауға қатысуға шақырамыз.